Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 10,4%-ға өсті

азық-түлік
Фото: metagazeta.ru

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылғы желтоқсан айында 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға 0,1%-ға, ал жыл басынан 10,4%-ға өсті.

Жыл ішінде қарақұмық жармасының бағасы ең жоғары деңгейде қымбаттады. Бұл өнімнің бағасы 80,3%-ға өсті.

Бидай ұны 30,8%-ға, күріш 28,2%-ға, макарон 20,2%-ға, сиыр еті 16,4%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ, картоп бағасы 14,2%-ға, тауық еті – 13,8%-ға, нан – 13,5%-ға, сары май – 13,5%-ға, жұмыртқа — 12,9%-ға, пияз — 12,8%-ға, сүт — 5,6%-ға көтерілді. Қырыққабат 5,3%-ға, айран 4,5%-ға, сәбіз 4,9%-ға, ал күнбағыс майы 0,9%-ға қымбаттады.

Бұл ретте тұз 0,8%-ға, сүзбе 0,4%-ға қымбаттады, ал құмшекер 22,8%-ға арзандады.