Жыл басынан бері инфляция 4,6% құрады

Фото: dailynews.kz

2016 жылдың алты айында (2016 жылғы маусым 2015 жылғы желтоқсанға) инфляция 4,6-%-ды құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Баға өнеркәсіпте 9,6%, көтерме саудада – 7,9%, ауыл шаруашылығында – 3,9%, құрылыста – 2,9%-ға өсті. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдауға тарифтер 3,8%, заңды тұлғаларға көрсетілген почталық және курьерлік қызметтерге – 3,5%, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне – 0,6%-ға жоғарылады.

k11-07-2016-3
Дереккөз: Статистика комитеті