Жыл басынан бері шетелге 511,1 мың тонна бидай экспортталған

164
бидай
Фото: kursiv.kz

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 83 пайызға көп деп хабарлайды LSM.kz.

Шетелге экспортталға бидайдан Қазақстан 76,4 млн доллар табыс тауып отыр. Бидайдың көп бөлігі Өзбекстанға (228,5 мың тонна) жөнелтілген. Өзбекстанға сатылған бидайдан 26,6 млн доллар түсті. Тәжікстан 68,6 мың тонна бидайды 10,2 млн долларға сатып алды. Ауғанстан 61,4 мың тонна бидайды 10 млн долларға сатып алған. 39,7 мың тонна бидай Түркияға 8,6 млн долларға сатылды.

Сондай-ақ, 2018 жылы 249,9 мың тонна ұн 47,5 млн доллар бағамен шетелге экспортталды.