Жыл соңында мұнай бағасы 50-55 доллар деңгейінде болады

Фото: 112.ua

2016 жылдың соңында мұнайдың баррелі 50-55 доллар деңгейінде болады. Ал 2017 жылы бөл көрсеткіш 65 долларға дейін көтеріледі. Мұнда болжамды «Роснефти» басшысы Игорь Сечин «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Қазіргі уақытта мұнай бағасының құбылмалығы жалғаса береді. Жыл соңында шикізаттың құны тұрақты түрде 50 долларға көтеріледі немесе 55 долларды құрайды деп есепейміз», — деді ол

«Алайда 2017 жылдың соңына дейін бағаның көтерілуіне негіз болатын ешқандай факторларды көріп отырған жоқпыз. Жыл соңында болжам бойынша мұнай бағасы барреліне 65 доллар деңгейінде болады», — деп атап өтті И.Сечин.