Өзі басқарылатын көлікке қызығушылық артқан. Оларды шығарудан қай мемлекет көш бастап тұр?

9
Фото: TAdviser

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — Автономды жүргізу технологияларының ең белсенді әзірлеушілері – американдықтар мен немістер, деп мәлімдеді Еуропалық патенттік мекемесі (EPO).

Өзін-өзі басқаратын автомобиль патентіне ең көп өтінім АҚШ пен ГФР-дан түскен. Алайда Еуропалық Одақтың барлық елдерін қосқанда осы көрсеткіш бойынша АҚШ пен Азияны басып озды. . «Патенттер және өзін-өзі басқаратын автомобильдер» атты зерттеуге сенсек, автономды жүргізудің әртүрлі аспектілеріне қатысты патенттерді тіркеуге өтінімдер санының күрт өсуі байқалды. 2011 жылы EPO бүкіл әлемнен 922 өтінім алған, ал өткен жылы олардың саны 4 мыңға жетті.

Осы кезеңде өтінімдер үлесінің 37%-дан астамы Еуропаға, 34%-ға жуығы АҚШ-қа және 29%-ға жуығы Азия елдеріне тиесілі болды.

Штаттардан кейін Германия (14,5%), Жапония (13,5%), Оңтүстік Корея (7,5%), Франция және Швеция (5% — дан) орналасты. Шамамен 3%-ы Қытай, Ұлыбритания және Нидерландыға, 1-2%-ы Финляндия, Швейцария және Австрияға тиесілі.