Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға 22 млн теңге аударды

Ақмола
Фото: aktobenews.kz

Көкшетау. 27 сәуір. 7kun.kz — Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен аудандарға белсенді жәрдем көрсету жұмыстары жалғаcып жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Аймақтық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Көкшетау, Степногорск қалалары және Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Шортанды аудандарына мен Атбасар мен сандықтау, Астрахан, Целиноград аймақтарына көмек көрсетілді. Олар азық түлік, киім-кешек, бөтелкедегі су, жуу заттары, гигиеналық құралдар және табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Фото: aktobenews.kz

Ерейментау ауданы Атбасар қаласына шамамен үш миллион теңгеге 77 бас қой, 2 ірі мүйізді мал түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Одан бөлек, аудандардың барлық мемлекеттік қызметкерлері арнайы есепшотқа бір күндік еңбекақыларын аударды. Ол 10 миллион теңгені құрады.

Ақмолалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қазақ тілі және мәдениет» қоғамдық бірлестігінің арнайы есепшотына еліміздің қайырымды азаматтарынан түскен ақша аударымдарының жалпы сомасы 22 миллион теңгеге жетті.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатқанын хабарлағанбыз. Ал сенаторлар бір күндік еңбекақысын аударатындығын айтқан.