16 желтоқсан — Қазақстанның Тәуелсіздігі күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Қазақ халқы ұрпаққа берген үлкен бақыт, елдің мәңгілік құндылығы болған Тәуелсіздік мерекесін биыл 24-ші рет қарсы алып отыр.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Осы күннен бастап жиырма жылдан астам уақыт ішінде еліміздің әл—ауқаты көтеріліп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде жұмыстар атқарылды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздіктен бастау алады.

16 желтоқсан күні Қазақстанда мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдегі қандастарымыз үшін де айтулы мереке.