2014 жылы халықаралық туризмнен түскен табыс рекордтық 1,5 трлн долларды қамтыды

2014 жылы халықаралық туризмнен түскен табыс рекордтық 1,5 трлн

Өткен жылы халықаралық туризм 1,5 трлн доллар көлемінде табыс әкелді, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанд рекордтық көрсетіш деп хабарайды Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO).

Зерттеуге сәйкес, 2014 жылы табыс өсімі $48 млрд немесе 3,7%-ды қамтыды. Бұл халықаралық туристік келіп-кетулер санының артуына байланысты болып отыр: 2013 жылы — 1,09 млн, 2014 жылы — 1,14 млн. Шетелде тұруға, тамақтануға, ойын-сауыққа және шопингке ақша жұмсаған туристер индустрияға $1,25 трлн әкелген. Тағы $221 млрд халықаралық жолаушылар тасымалынан келіп түсті.

«Халықаралық туризм халықаралық сауданың ең маңызды компонентеріне айналуда, бұған халықаралық туризм мен жолаушы тасымалынан түскен экспорттық табыс куә, бұл табыс 2014 жылы 1,5 триллион доллар болды. Шикізат бағасының төмендеуіне байланысты, халықаралық туризмге жұмсалған шығын өткен жылы айтарлықтай өсті, бұл сектордың экономикалық өсімге, экспортқа ықпал ету және жаңа жұмыс орындарын құрау қабілетін көрсетеді», — деп келтірілген хабарламада UNWTO бас хатшысы Талеб Рифаидің сөзі.

Ұйым мәліметтеріне сүйенсек, халықаралық туризмнен түскен табыс әлемнің барлық өңірлерінде өскен. Елдерге қатысты айтатын болсақ, 2014 жылы туризмнен ең көп пайда тапқандар: АҚШ ($177 млрд), Испания ($65 млрд), Қытай ($57 млрд). Солармен қатар көшбасшы ондыққа Ұлыбритания, Франция, Макао (Қытай), Италия, Германия, Таиланд және Гонконг (Қытай).