2016 жылғы отандық кино өндірісінің қорытындысы

кино
7kun.kz

Қазақ кино саласы — күн сайын дамып, жыл сайын оңтайлы нәтижеге жетіп отырған отандық өнім. Тарихи оқиғалар мен том-том кітаптардың идеясын бірнеше сағатта халыққа жеткізіп, ой қалдыратын кинофильмдердің қоғамдағы маңызы зор. Ал осындай фильмдердің табысы қандай болды? 7kun.kz анықтап көрді.

Сонымен 2016 жылдың 11 ақпанында махаббат пен комедияға негізделген «72 сағатта үйлену» фильмінің тұсаукесері болды. Фильмнің басты кейіпкерлері: Жігер Ауыпбаев, Динара Абдуллина, «Өнер кырандары». Алайда, фильмнің продюсері Жәнібек Мадиев businessnews.kz сайтына берген мәлімдемесінде отандық кинотеатрлардың көрсетілім кестесіне көңілі толмағанын айтқан. Себебі халық көретін ыңғайлы уақыт жүйесіне қойылғанда, фильм өз шығынын 10 күнде өтейтіндігіне сенімді болған.

Романтикалық комедияға құралған «16 Қыз» фильмі 2016 жылы шыққан фильмдердің бірі. Продюсер — Айдархан Адильбаев. Басты кейіпкерлер Аша Матай, Берік Айтжанов, Ануар Нұрпейісов. Кинофильм басы бос сұрбойдақтарға арналған.

«Так сложились звезды» кинофильмінің жанры  — байопик. Бас продюсер-Тасболат Мерекенов. Көрсетілім уақыты 3 сағат 5 минутты алатын фильмді түсіру үшін 1,2 миллиард тенге жұмсалған. Фильм Қ.Р Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өміріне негізделген «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының қорытынды бөлімі.

«Super Той» 2016 жылы 21 сәуірде отандық кинотеатрларда прокатқа шықты. Комедия мен мелодрама жанрларының қосындысынан тұратын фильм қазақтың тойы жайында әзілге құралған.

Келесі отандық киноның бірі — белгілі режиссер Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмі. Фильмдегі басты кейіпкерлер Нұртас Адамбаев, Еркебұлан Дайыров, Гүлназ Жоланова т.б. «Тараз» криминалдық драмасы көрермен қызығушылығын бірден оятып, алғышқы көрсетілім барысында сұранысқа ие болған.

Осы жылдың соңғы айларында жарыққа шыққан Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі де өз көрермен аудиториясынан жинаудан қалыс қалған жоқ. Фильм ерекшелегі ешкімге танымал емес Эльтерес Нуржанов, Шарип Серик, Женис Омаров, Данияр Алшинов сынды актерлар басты кейіпкерлерді сомдаған. Фильмде 1980 жылдың соңғы кезеңдеріндегі Алматы қаласының бейнесі мен тыныс тіршілігі көрсетіледі.

Елді елең еткізген биылғы жылдың үздік кинофильмі – «Анаға апарар жол». Фильмнің режиссері — Ақан Сатаев. Бас продюсері ­– Әлия Назарбаева. Басты рөлдерді Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров сомдаған.

Ал «Келінка Сабина 2» 2016 жылы 17 наурызда прокатқа шықты. Режиссер және актер Нұртас Адамбайдың бұл фильмдері Отандық кино өнімінің комедия жанрындағы үздік туындылары болды.

Отандық жаңа кинофильм «Гламур для дур» комедиясын режиссер Асқар Ұзабаев түсірді. Режиссердің айтуынша, басты рөлді «КешYou» тобының әншісі Ақбота Сейтмағанбет қиындықсыз ойнап, кейіпкер мінезін ойдағыдай жасаған. Фильм осы жылдың 10 мамырда Алматы қаласында түсірілген. Прокатқа 2016 жылдың 1 желтоқсанда шықты.

Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Хакер» кинофильмі 2016 жылдың 2 желтоқсанынан бастап отандық кинотеатрларда прокатқа шықты. Бұл фильм Ақан Сатаевтың шетелдік актерлардан құралған және Торонто, Нью-Йорк, Ганконг, Бангкокте шет мемлекеттерде түсірген алғашқы туындысы.

«04:29» мелодрамасының түсірілімі 2015 жылдың қараша айында басталып, осы жылы көрермендерге жол тартқан кинофильм. Режиссер Мереке Мұқан және екінші режиссер Медет Ильгедаев. Фильм продюссері – Ардақ Балмұхаммед. Прокатқа 2016 жылдың қазан айынан бастап шығарылды.

Ал келсі жылы көрсетілімге енді шығатын фильмдер мыналар:

  • «Подстава»
  • «Оралман»
  • «Три лимона»
  • «Пришельцы в ауле»
  • «Оралман из Питера»
  • «Бизнес по-казахски»
  • «Все из за мужиков» комедия

Жанерке СЕРІКОВА,  «7»