2017 жылы Алматыда үш бөлмелі пәтерлерге сұраныс артқан

200
Алматыда
Фото: Odome.kz
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz – 2017 жылы алматылықтар көпбөлмелі пәтерді көбірек сатып ала бастаған. 

2017 жылы Алматыда, әсіресе, Үш бөлмелі пәтерлерге сұраныс артқан. Бұл туралы «Крыша» сайтының сарапшылары сайттағы сұраныс мәліметтерін зерттей отырып, анықтаған. Үш бөлмелі пәтер іздегендер былтырғы жылмен салыстырғанда 15–20 пайызға артқан. Әр күн сайын бұл көрсеткіш ұлғайып келеді. Үш бөлмелі пәтерді көбіне Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарынан іздейді. Бұл аудандарда баға 20-30 млн теңге аралығында. Ауданы жағынан 70 шаршы метр пәтер сұранысқа ие. Ал бұған дейін сұраныста болған бір бөлмелі пәтерлерді іздеушілер азайғаны байқалады.