Экономика
2017 жылы экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың желтоқсанын салыстырғанда Қазақстан экономикасындағы жекелеген сегменттерде бағалар өзгеріске ұшырады деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы инфляция 7,1 пайызды құрады. Баға қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіпте 17,6 пайызға, көтерме саудада – 6,3 пайызға, құрылыста – 5 пайызға, ауыл шаруашылығы өніміне – 2,6 пайызға өсті. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 6,8 пайызға, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс - 6,3 пайызға, пошталық және курьерлік қызметтер – 2,3 пайызға жоғарылады.
Ал 2016 жылдың желтоқсанындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы мен 2017 жылдағы баға арасында айырмашылық болмады. Көтерме сауда бағасы 2016 жылы 6,3 пайызға өссе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 1,0 пайызды құрады.