2018 жылы шыққан қазақша сериалдар

25
Фото: angliya.today

Қазақ киноматографикасы соңғы жылдары жаңа қарқын алғандай. Отандық режиссерлер жылына кем дегенде бір туындының тұсаукесерін өткізеді. Елімізде түсірілетін фильмдер мен сериалдар саны да жыл сайын артып келеді. Тиісінше халықтың тарапынан көп сынға ұшырайтын қазақстандық сериалдар мен кинолардың сапасы, актерлық құрамы мен оқиға желісі көз қуантарлық нәтижелерді көрсетуде. Биыл да көрерменнің көзайымына айналған бірнеше сериалдар жарыққа шықты. Сонымен, 2018 жылы қаралымы көп болған қандай сериалдарды білеміз?

 

  1. “Саған сенемін”.

Ұлттық арнада тұсауы кесілген биылғы жылдың алғашқы сериалы ” Саған сенемін”.  Сценарий бойынша шекара маңындағы шағын ауылда күтпеген жерден түсініксіз жағдайлар орнай бастайды. Алдымен жасөспірім бала тыныш жатқан ауылдан қарудың оқтарын тауып алады. Ал кейіннен ол белгісіз жағдайда көз жұмады. Жергілікті учаскелік полицей тексеріс жүргізуді бастайды. Оған мектептегі психолог маманы көмекке келеді. Психолог қайтыс болған баланың неден өлгенін анықтап, шындыққа жету  үшін барын салады. Және ол осы арқылы өз оқушыларын қорқынышты құбылыстан қорғап қалмақ болады.

Фото: kinostan.kz

Жанры: телевизиялық көркем телехикая

Бөлімдердің жалпы саны: 20

Ұзақтығы: 42 минут

Сценарий авторы: Светлана Петрийчук

Режиссер: Зарина Садырова

Бас продюсер: Андрей Вовнянко

Басты рөлдерде: Динара Абдуллина, Ерлан Кәрібаев, Асхат Үрпеков, Жаннат Ермекова, Алихан Ыдырышева, Нүркен Өтеулов, Қайрат Құдайберген.

 

2. “Тар заман”.

“Қазақстан” арнасынан көрермендерге жол тартқан “Тар заман” телехикаясы тарихтан сыр шертеді.  “Алаш” партиясының 100 жылдығына арнайы түсірілген сериалда  1917 жылы Қазақ даласында ақпан және қазан төңкерістерінің оқиғалары  көрініс табады. Тарихи драма осы оқиғалардың эпицентрінде болған қазақ зиялыларының тағдырын сипаттайды. Сондай-ақ Алашорда қозғалысының көрнекті қайраткерлері арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың саяси көзқарастары мен болып жатқан оқиғаларды бағалауы,сатқындық, мүделлер қақтығысы да көрсетіледі. Обмы мен Семейдегі оқиғалар, Алаш әскерінің құрылуы, Сталиннің Әлиханды Мәскеуге алдыруы, абақтыдағы тергеу істері қамтылады. Картинада Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Сәдуақасов және басқа да белгілі қайраткерлердің көркем бейнесі сипатталады.

 

Фото: kaztrk.kz

Жанры: телевизиялық тарихи драма

Бөлімдердің жалпы саны: 12

Ұзақтығы: 42 минут

Сценарий авторы: Сержан Закерұлы

Режиссер: Мұрат Бидосов

Продюссер: Мұрат Бидосов

Басты рөлдерде: Балтабай Сейтмамыт, Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай, Тұрсын Құралиев, Медғат Өмірәлиев, Кенен Ақүрпеков, Мәмбет Қожалиев, Олжас Абай, Наргиз Алтайбай, Ұлан Болатбек, Жұлдызбек Жұманбай, Дархан Сүлейменов.

 

3. “Тағы да сүй”.

“Хабар” арнасынынан осы жылдың күзінде көрсетілген романтикалық “Тағы да сүй” сериалы Аян есімді жігіттің махаббат хикаясымен өрбиді. Аян мектеп кезінен Асыл есімді қызды жақсы көреді. Екеуі қыз бен жігіт болып кездесіп жүреді. Нақты шешімге келген жігіт қызды өз отбасымен таныстыруды жөн көреді. Алайда, Аянның әкесі қызды өздерінің теңі деп санамайды, сондықтан некеге қарсы болады. Сол күні қос ғашық жол апатына ұшырайды. Жігіт есін жиғанда Асылдың о дүниелік болғанын естиді. Арадан біраз уақыт өткеннен кейін Аян Мерей есімді қызға ғашық болып, шаңырақ көтереді. Бірақ оған деген тағдырдың сыйы таусылмапты. Аян қапияда жоғалтып алған алғашқы махаббаты Асылды кездестіреді. Телехикаяда Аянның ендігі таңдауы мен құпия өлімнің сыры көрініс табады.

 

Жанры:  мелодрама

Бөлімдердің жалпы саны: 12

Ұзақтығы: 42 минут

Сценарий авторы: Жамал Жақсытай , Әсел Кәрібай , Диана Рахым, Диляра Нүкен

Режиссер: Асхат Мұсабай

Бас продюссер: Айнұр Бабаева

Басты рөлдерде: Шалқар Құдайберген, Нұрсәуле Әубәкірова , Болат Әбділманов , Гүлшарат Жұбаева , Томирис Жанғазинова , Азамат Шарғын , Айзада Сатыбалдиева , Ертуған Құрмашев , Нұрсұлтан Есжан , Адина Бажан ,   Әділжан Шомбалов , Асқар Жұмабек , Әмина Мектепбаева , Зарина Омарова.

 

4. “Жаным менің”.

Телехикаяға 1985-1992 жылдары бұрынғы Киров атындағы ҚазМУ, қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде оқыған жастардың шынайы өмірі арқау болған.  “Жаным менің” сериалында қос ғашықтың баянсыз махаббат дастаны көрсетіледі. Фильмде Арман мен Жанымның бірі-біріне деген ыстық сезімі, мұңға толы тағдыры сипатталады. Сондай-ақ, фильмде студенттік кезең, ҚазҰУ қалашығындағы қызықты оқиғалар көрініс табады. Телехикаяда Табылды Досымов, Серік Аббас-Шах секілді танымал тұлғалардың персонаждары сомдалды. Сериалдың сценарийін басты кейіпкер Арман жазған.

Фото: Azh.kz

Жанры: драма, мелодрама

Бөлімдердің жалпы саны: 10

Ұзақтығы: 42 минут

Сценарий авторы: Жамит Көшербаев , Арман Сқабылұлы , Қанат Рамазан , Арнұр Ташев

Режиссер: Бақыттас Санитас

Продюссер: Арман Сқабылұлы , Жадыра Қоблан , Жансерік Шонаұлы

Басты рөлдерде: Дулыға Ақмолда , Бақытжан Әлпейісов , Аман Ғұмаров , Махаббат Сарқытбаева , Жайна Тұратбеков , Шерхан Пірназаров , Қуаныш Бейсағалиев , Ақнұр Рахатова , Талғат Көбеков, Гүлназ Ауданбаева , Шағуан Үмбетқалиев , Олжас Сахов , Диас Мырзахметов , Алмат Тұрлықожа.

 

5. “Қарлығаш ұя салғанда”.

Қоғамдағы маңызды тақырыпты қозғаған “Қарлығаш ұя салғанда” фильмі көпшіліктің көңілінен шықты. Осы жылдың күзінде экранға жол тартқан телехикаяның басты кейіпкері – Қарлығаш. Қарлығаш жасы 32-де, сұлу, табысты кәсібі бар қыз. Алайда ол мансап қуып, жеке өміріне мән бермеген. Күндердің күнінде әкесі ауырып қалады да, қызының тұрмысқа шыққанын қалайтынын айтады. Қарлығыш бірнеше жігітпен кездеседі, бірақ ешқайсысы ұнаймайды. Содан кейін кездейсоқ Тасқын деген сымбатты жігітті жолықтырады. Тасқын 3 қызын асырап отырған жалғызбасты әке, өзінің зергерлік ұстаханасы бар. Бір күні Тасқын жарақат алып, ауруханаға түседі. Ол жоқ кезде қыздарына Қарлығаш бас-көз болады. Сол сәттен бастап Қарлығаштың өмірі өзгере бастайды. Сериалда Тасқын мен Қарлығаштың  арақатынасы көрсетіледі.

Фото: insta.orenya.com

Жанры: романтикалық драма

Бөлімдердің жалпы саны: 12

Ұзақтығы: 40 минут

Сценарий авторы: Гүлнұр Мамасарипова

Режиссер: Санжар Омаров

Продюссер: Гүлнұр Мамасарипова

 

Басты рөлдерде: Кәмшат Жолдыбаева, Еркебұлан Дайыров, Мерей Мақажан, Адина Бажан, Алау Қайратқызы, Аружан Қамбар,  Жандос Айбасов, Ерік Хамидуллаев, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Жоламан Әміров.

 

6. “Арманға 20 қадам”.

“Қазақстан” ұлттық арнасының арнайы тапсырысымен түсірілген “Арманға 20 қадам” сериалы Астананың 20 жылдығына арналған. Өскелең ұрпақ үшін бұл қала әрқашан заманауи, инфрақұрылымы дамыған, жасыл желекке боялған әдемі қала іспеттес. Телехикаяда Астананың қалыптасу кезеңдерін, 20 жылдың ішінде облыстық деңгейден қазіргі Еуразияның жарық жұлдызына қалай айналғандығын көрсетіледі.  Оқиға желісі 1998 жылдан басталады, көптеген отбасылар өз тағдырын Қазақстанның жаңа астанасымен байланыстыруға шешім қабылдаған кезде телехикаяның  негізгі үш кейіпкерлері: сәулетші, шенеунік және бизнесмен де өз өмірлерін жаңа парақтан бастауды жөн көреді. Фильмде үш отбасының тағдыры, көптеген қиындықтары сипатталады.

Фото: YouTube

Жанры: телевизиялық көркем телехикая

Бөлімдердің жалпы саны: 15

Ұзақтығы: 46 минут

Сценарий авторы: Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков

Режиссер: Қанағат Мұстафин

Продюссер: Алмас Әлімжан

Басты рөлдерде:  Бауыржан Қаптагай, Райхан Калиолдина , Ғани Құлжанов,  Мереке Шаймұрат, Мақсат Сабитов, Жазира Еркін, Айнұр Бабаева, Нышанбек Жұбанаев , Дастен Шакиров.

 

7. “Бөрі”.

“Бөрі” телесериалы полиция қызметкерлеріне арналған. Сериалдың басты кейіпкері полиция офицері Тимур қылмыстық істердің бетін ашып, қызметте жоғарылайды. Осы тұста әйелі жол апатына ұшырап, қайтыс болады. Тимур әйелінің өлімі қолдан жасалған қастандық екенін біліп, өз бетімен тергеу жұмыстарын жүргізеді. Бірақ оның алдынан кедергілер шығады, нәтижесінде жұмысынан айырылып қалады. Уақыт өте келе Тимурды бұрынғы бастығы қайта жұмысқа шақырады. Әйелінің өліміне кінәлілерді жазалау үшін Тимур жұмысына оралады. Тергеу барысында бастығының қылмыстық топпен байланысы барын анықтайды. Телехикаяда басқа да шытырман оқиғалар көрсетіледі.

 

Фото: khabar.kz

Жанры: Криминальды драма

Бөлімдердің жалпы саны: 12

Ұзақтығы: 50 минут

Сценарий авторы: Марат Оралғазин , Рүстем Омаров , Леся Волошин , Лора Гродецкая

Режиссер: Дмитрий Қырықбаев

Продюссер: Ақылбек Досжанов , Аида Тұтқышбаева

Басты рөлдерде:  Азиз Бейшеналиев , Асан Мәжит , Дәулет Ниязов , Олжас Тоғымбет , Мақсат Жақып ,Нұржан Әуезхан , Гүлбану Байзақова , Дана Жинақбаева , Мәдина Өтегенова , Омар Қыйқымов , Жәмила Хан.

Сонымен қатар, 2018 жылы көгілдір экраннан  “Өсиет” , ” Кейкі мерген”,  “Рауан”,  “Күй ғұмыр”,  “Отыңды өшірме” , “Абысындар” , “Шырағым”, “Жаңа қоныс – 3”, “Көзайым – 3” , “Іңкәр жүрек – 3”, “Сүйе білсең – 2”, “Екі жүз”, “Үзілмес үміт”, “Жабайы адам”, “Аға”, “Шашу”, Менің тағдырым”, “Детектив әже”, “Күрес”, “Бақытсыздар бағы” секілді сериалдар көрсетілді.