2019 жылы Қазақстанда 13 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Фото: otv-media.ru

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – 2030 жылға қарай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлерді іске қосу көлемінің жыл сайын 8%-ға өсуі жоспарланған. Жыл басынан бері ауданы 4,6 млн шаршы метр ( 40 546 тұрғын үй) тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. 

«2018 жылы 12,5 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үй (113 мың тұрғын үй) пайдалануға берілді. 2017 жылғы деңгейге өсім +12,1% құрады. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр отан» партиясының XVIII съезі аясында берген тапсырмасы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау тетіктері әзірленді. Көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 7 жылға 350 млрд.теңге қарастырылған. Осы кезең ішінде жыл сайын 6 мың жалға берілетін пәтердің құрылысы қамтамасыз етілетін болады. Ағымдағы жылдың мамыр айында әкімдіктер көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй бере бастады», — деді ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр. 

Сонымен қатар, елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы табысы аз көп балалы, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды жылдық 2%-бен несиелеу қосымша енгізілуде. Бұл жыл сайын 6 мың отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

«Тұрғын үй заңнамасында жеңілдетілген ипотеканың қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй сертификаттарын беру механизмі қарастырылған. Осы жылдың сәуір айында тұрғын үй қатынастары және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы заңнамаға қажетті түзетулер енгізілді», — деп атап өтті министр. 

Сондай-ақ, жыл аясында ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған кемінде 1 мың жалдамалы пәтердің құрылысы басталғанын хабарлады. 2021 жылға дейін 3 мың жалға берілетін пәтер салуды жоспарланған.