2020 жылға таман транзиттік тасымал екі есе өседі

776

2020 жылға қарай Қазақстанда транзиттік тасымал екі есе өседі. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Роман Скляр хабарлады.

«2020 жылға қарай Қазақстанда транзиттік тасымал екі есе өседі, компания кірісі үш есеге артады, орташа жылдық тиімділік ЖІӨ-нің 1%-на тең болады деп күтеміз. Инфрақұрылым жобаларының жүзеге асуы экономикаға мультипликативті әсер береді. Сонымен қатар еуразиялық көліктік дәліздердің және халықаралық транзиттік бағыттардың дамуына да үлкен үлес қосылады», — деді ол.