Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы мәселе 2017 жылы шешіледі

570

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заң жобасы 2016 жылы үкіметтің жұмыс жоспарына кіруі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифинг барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Меруерт Сейсембаева айтты, деп хабарлайды LS.
Комитет өкілінің айтуынша қазіргі кезде құжаттар дайындалуда.
«Біз бұл мәселеде Дүниежүзілік банкпен тығыз қарым-қатынас орнаттық және қазіргі кезде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы концепция ғана жасалды. Концепция толық жазылған, таныстырылым дайындалуда. Бұл заңды қабылдау заң жобаларының жоспарына қосылуы керек. 2016 жылы бұл жоспарыға қосамыз деп ойлаймын және ары қарай жасалуға жіберіледі», -деді ол.
Меруерт Сейсембаеваның айтуынша бұл мәселе 2017 жылғы жалпылама декларацияны енгізгенге дейін шешімін табуы тиіс.
Еске сала кетейік, 2014 жылы тамыз айында үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғалардың банкроттығын енгізу қажеттігін айтқан еді. Кейінірек Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жеке тұлғалардың банкроттығы институты 2018 жылға таман енгізілуі мүмкіндігін хабарлаған болатын.