Д. Ақышев: Дағдарыс кезінде ұжымды оңтайландыру қажет 

Ұлттық банк дағдарысқа байланысты шығындарын оңтайландыруға ниетті. Бұл туралы Парламент кулуарында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Журналистер Ұлттық банктің басшысынан ұжымдағы қысқартулар жөнінде ақпаратқа пікір білдіруді өтінгенде, Данияр Ақышев, ұжымның 
бұрынғыдай жұмыс істеп жатқанын, алайда дағдарыс жағдайында экономиканы ойлау керектігін айтты.

«Ұлттық банк қызметкерлерінің Ұлттық банк ішіндегі мол тәжірибесінің болғандығымен әрдайым ерекшеленді және біз Ұлттық банкте бұрыннан жұмыс істейтіндерді ынталандырып отырамыз. (…)  Бірақ бір айта кетерлігі оңтайландыру қажет, себебі дағдарыс жағдайында бізге өз шығынымызды оңтайландыру керек»,-деді ол. 

Алайда қызметкерлердің қанша пайызы оңтайландырылады деген сұраққа Д.Ақышев жауап беруге қиналды.
«Білмеймін, әзірге бұл сұраққа жауап беруге дайын емеспін. Білесіз бе, дәл қазір бұдан да маңызды әлеуметтік мәселелер тұр»,- деді Д.Ақышев .

Фото:kapital.kz