Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bek Air әуе компаниясы IOSA қауіпсіздік сертификатының болуы туралы талапқа қарсылық танытты

Bek Air әуе компаниясы IOSA қауіпсіздік сертификатының болуы туралы талапқа қарсылық танытты

Bek Air әуе компаниясы IOSA қауіпсіздік сертификатының болуы туралы талапқа қарсылық танытты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметіне сәйкес, ел ішінде тасымалдаумен айналысатын әуе компаниялар үшін инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің IOSA аудитінің болу қажеттілігі туралы талабын енгізуі билеттердің қымбаттауына әкеп соғады.

Компанияның сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап тұрақты ішкі рейстерді орындаушы әуе компаниялары үшін IOSA аудитінен өту сертификатының (Operational Safety Audit IATA) болуы туралы талап енгізген. Аталған талап ішкі рейсті жүзеге асырушы коммерциялық әуе тасымалына қатысты ереже мәтінінде бекітілген.

"Регламентке орай, аудитті IATA-ның шетелдік мамандары жүргізуі керек.  1,5 млн доллардан аса қаржы керек, бұл пайдасыз, әрі міндетті түрде әуе билеттерінің бағасына әсер етеді. Сертификаттың қымбатқа түсуінен бөлек, қазақстандық тасымалдаушылар шетелдік құрылымдарға тәуелді болады, себебі бұрында өкілетті орган болған азаматтық авиация комитеті атқарған қызметтердің бір бөлігі шетелдік құрылымдардың қарауына өтеді. Бұл ҚР қолданысындағы заңдардың бұзылуына және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - делінген Bek Air хабарламасында.

Фото: uralsk.info

Похожие материалы