АҚШ Volkswagen автоконцерніне 80 млрд доллар көлемінде айыппұл салуы мүмкін

АҚШ-тың заң министрлігі Volkswagen AG неміс концерніне қарсы азаматтық шағым түсірді. Компанияға салынған айыппұл көлемі бұрынғы көрсеткіштен артуы мүмкін, деп хабарлайды vestifinance.ru.

АҚШ заң министрлігінің Детройттағы федералды сотта берген шағымында 2015 жылдың қыркүйегіндегі Volkswagen-ге қарсы берілген арыз туралы айтылған. Аталған арыз бойынша АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) іске кірісті.

Америка билігі қоршаған ортаға бөлінген қалдық көлемін азайтып көрсететін құрылғы орнатқаны үшін Volkswagen компаниясын кінәлауды әлі де жалғастырып келеді.

Сондай-ақ, неміс автокөлігіне тағылған айыппұл көлемі артқан. «Таза ауа туралы» заңының 4 бірдей бөліміне қарсы әрекет жасағаны үшін Volkswagen-ге берілген жаңа шағым бойынша айыппұл көлемі 80 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұған дейін ЕРА тағайындаған айыппұл 18 млрд доллар болған.

Фото: vestifinance.ru