Джордж Сорос Хиллари Клинтонның сайлау кампаниясына 6 млн доллар берді

501

Миллиардер Джордж Сорос 2015 жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның сайлауалды кампаниясына 6 млн доллар сыйға тартты. Бұл ақпарат саясаткердің сайлау науқанына жиналған қаражат туралы есептен белгілі болды деп жазады The Hill.

Осыған дейін Оңтүстік Каролинада 2016 жылы президенттік сайлауға қатысу құқығы үшін республикалық және демократиялық үміткерлер пікірталас өткізген еді. Бұл пікірталас та  екі партиялардың көшбасшылары миллиардер Дональд Трамп және бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон жеңімпаз болғанына қарамастан,  олардың бәсекелестері мықты екендіктерін көрсетті. Дональд Трамптың басты екі қарсыласы- Техас штатынан сенатор Тед Круз және Флорида штатынан сенатор Марко Рубио, ал  Хиллари Клинтонның тек Вермонт штатынан сенатор Берни Сандерс деген бәсекелесі бар.

Фото:112.ua