
Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жылы «Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 392,7 мың азаматқа бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 34,7 млрд теңге жұмсалды деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 86 222 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 142 947 теңге төленеді.
2018 жылы бала туылуына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 40,2 млрд теңге қарастырылған және бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәрдемақы мөлшерлері 91 930 теңге, ал төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 151 515 теңге болады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025