Доллар 337,08 теңгені құрады

Фото: tengrinews.kz

5 шілдедегі таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 337,08 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 336,95 теңгені құрады. Жоғарғы курс — 337,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 337,02 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі  24 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 74.

Ақша айырбастау орындарында 5 шілдедегі доллардың жоғарғы курсы — 338 теңге (Алматы уақытымен – 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.Ақша айырбастау орындарында 5 шілдедегі доллардың жоғарғы курсы — 338,5 теңге (Алматы уақытымен – 11:30).