5 жылда Қазақстанның автоөндіріс саласы 145,9 млрд теңге салық төлеген

Фото: Kazpravda.kz

Астана. 3 ақпан. 7kun.kz — «КазАвтоПром» одағы Қазақстанның автокөлік кәсіпорындары 5 жыл ішінде қанша салық төлегені туралы хабарлады.

2012-2016 жылдары бюджетке түскен жалпы түсім 145,9 млрд теңгеден асты. Ең көп салық 2014 жылы (43 млрд теңге), ең азы 2012 (16,1 млрд теңге) төленген.

Бес жыл ішінде  ең көп салық төлеген компания — БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО. Оның үлесіне жалпы төленген салықтың 40,1%-ы немесе 58,6 млрд теңгесі тиесілі. Одан кейінгі орында Toyota Motor Kazakhstan (16%, 23,4 млрд теңге), КМК Astana Motors (14%, 20,5 млрд тг), Mercur Auto (4,3%, 6,3 млрд тг), Автомир (3,8%, 5,6 млрд тг).

Сондай-ақ, салық төлеген алғашқы он компанияның қатарына Каспиан Моторс (2,8%, 4,1 млрд тг), Вираж (2%, 3 млрд тг), Nomad Motors (2%, 2,9 млрд тг), Allur Auto (1,9%, 2,8 млрд тг) және Урал-Кров (1,8%, 2,6 млрд тг) кіреді.