Аcтана. 30 наурыз. 7kun.kz - ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздегі ломбардтардың қызметін жеке заңнамалық актілермен регламенттеуді ұсынады. Бұл жайында ҚР ІІМ Ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің директоры Алмас Сәдубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«ҚР Ішкі істер министрлігі ломбардтардың қызметін жеке заңнамалық актілермен бақылауға алуды ұсынады. Біз жүргізген сараптама қорытындысы бойынша, ұрланған мүліктерді ломбардқа тапсыру фактілері жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2006 жылы - 82, ал 2016 жылы шамамен 500 факті тіркелді және бұл ашылған қылмыстық істер бойынша ғана мәліметтер», - деп жазды ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде ломбардтардың қызметі лицензияланбайды және бірде-бір мемлекеттік орган тарабынан бақыланбайды.
Сонымен қатар елімізде қандай да бір ломбардтар қауымдастығы да жоқ. «Шет елдерде ломбардтардың қызметі заңмен тыңғылықты регламенттеледі. Онда полицияға мәміле туралы ақпаратты, кейіннен сатып алусыз құнды мүлкін кепілге өткізген тұлғаның видео түсірілімін ұсыну міндеттері қарастырылған», - деді Алмас Сәдубаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024