Ақтөбе. 30 наурыз. 7kun.kz - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев экономиканы технологиялық жаңғырту кезінде сервистік экономиканы дамытуды тапсырды. Сол кезде жұмыссыз қалған адамдар қайда баратынын біліп отырады. Бұл туралы Премьер-министр Ақтөбедегі кәсіпорын басшыларымен кездесуінде айтты.
"Біз сервистік экономиканы дамытуымыз қажет. Қызмет орнынан айырылған адам сол жерге барып, жаңа жұмыс орнына орналасу жолын білуі керек. Ол үшін Үкімет, «Атамекен» ҰКП, әкімдік бизнеске бар жағдайды жасауы керек», - деді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Жиын кезінде әлеуметтік жаңғырту бағытында шешімін таппай тұрған мәселелердің де бар екені айтылды. Ел заңнамасы бойынша, медициналық орталық ашу үшін бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасарына 150 шаршы метрлік кабинет қажет екен.
Біз 150 шаршы метр аумаққа емхана салғымыз келеді, ал сіздер бізден тек бас дәрігердің бөлмесі үшін 150 шаршы метр талап етесіздер. Менде ондай ақша жоқ», - деді кәсіпкер.
Үкімет басшысы дәріхана аумағы 40 шаршы метрден кем болмауы тиіс екенін айтып, осындай қарама-қайшылықтар әлі де бар екенін айтты. Біз жасанды кедергілерді жоюымыз қажет. Сонда экономика дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады», - деп пікір білдірді Сағынтаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024