Ülker: Түркиядан келген күлшелер

0
1176

Бүгін қазақстандық танымал «Хамле» кондитерлік компаниясын түркиялық ÜLKER холдингі сатып алғаны туралы ақпарат шықты. ÜLKER сөзі тәттіні жақсы көретіндерге таныс болғанымен, оның тарихы білмеуі мүмкін. Осыны ескерген 7kun «Брендтер тарихын тарихының» бүгінгі санын ÜLKER брендіне арнап отыр.

ÜLKER компаниясының тарихы кішкентайында инжинер болуды қалап, бірақ тағдыры таңдауын өзгерткен Сабри Улкердің атымен тікелей байланысты. Ол 1920 жылы Қырымда туады. 1929 жылы ол отбасымен бірге Стамбұлға көшіп келеді. Мектепте жасында демалыс уақытында Сабри ағасы Әсіммен бірге күлше жасайтын фабрикада жұмыс істеп жүреді.

Ол жастайынан инжинер болуды армандайды, бірақ өмірі әлдеқашан ол үшін шешім қабылдап қойған еді. Улкер Сұлтан Ахмет атындағы экономика мен сауданың жоғары мектебіне түскен кезде екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді. Бітірген кезінде соғыс та аяқталады.

Осындай қиын-қыстау кезеңде ол біраз жылдан бері тәтті жемеген балалар үшін кондитерлік өнімдер жасаумен айналыса бастайды. 1944 жылы Сабри Улкер күлше пісіруге арналған шағын шеберхана сатып алады. Мұнда ол ағасы және үш қызметкерімен төрт жыл бойы жұмыс істейді. Кәсібі сәтті жүріп, Улкер 1948 жылы Таккеджи мешітінің жанынан бисквит салатын фабрика салады. Ол мұнда бұрынғыдан үш есе көп күлше пісіреді.

Өнімдердің бағасы өзгермей қалады. Кейіннен фабрика Стамбұлдағы Давудпашаға көшіп кетеді. 1970 жыл Уолкер Anadolu Gıda (аудармасы – Анатолияның тамақ өнеркәсібі) компаниясын құрады, 1974 жылы алғаш рет шетелге бисквиттер экспорттай бастайды. 1979 жылы шоколад дайындайтын фабрика ашылады. Дәл сол жылы шетелдік өндірушілермен бәсекелестіке түсіру үшін зерттеу және даму департаменті құрылады.

1980 жылдан бастап кондитерлік өнімдер ассортиментін арттыру жұмыстары жүргізіле бастады.

Сол жылдары Түркияда Сабри Улкер шетелдік нарыққа шыққан кәсіпкерлердің бірі ретінде танылған еді. 1983 жылы ол гофрокортонды өндірілетін өнімдер қатарына қосты. 1992 жылы Сабри Улкер өсімдік майы мен маргарин нарығына, ал 1996 жылы сүт индустриясына қосылады.

2000 жылы Улкер компанияның құрметті өкілі ретінде басқарушылар қатарына кіріп, компания директоры ретінде ұлы Мұрат Улкерді тағайындайды. 1944 жылдан бері күлше, кейін бисквит жасаумен айналысқан Ülker кейіннен бренд атауын Yıldız Holding деп өзгертеді.

Yıldız Holding компаниясы әр түрлі бағыттағы өнімдер шығарады. Тәтті күлшеден шоколадқа, газдалған сусыннан сүт өнімдеріне және балалар тамағы мен жекегигиенаға дейінге өнімдер дайындайды.

Сабри Уолкер тек өз қалтасын ғана ойлайтын компания емес – оның қоғамдық прогресс үшін алған жауапкершілігі Түркия экономикасы үшін өте маңызды. Ол білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында да жұмыс істеді. Ұлттық білім министрлігімен бірлесіп, елде  өндірістік лицейлер мен жатақханалар, кітапханалар мен компьютерлік зертханалар ашылды. Ол бір жылдары тұрмысы төмен отбасыдан шыққан студенттерге стипендия да берді. Сабри Уолкер өз сұхбаттарының бірінде азаматтық қоғамның білімбағытында белсенді жұмыс істеуі Түркияның болашағы үшін өте маңызды екенін айтқан.

Қазір компанияда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Оның өнімдері 115 елге тасымалданады. Холдингке тиесілі 72 зауыттың 16-сы шетелде орналасқан. 5400 түрлі тауардың 300-і бренд болып қалыптасқан. Жыл сайынғы айналымы —  10 500 000 000 доллар.

 

Редактор

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ