4 сәуірге арналған ресми валюта бағамы

валюта курсы
Фото: Forbes.kz

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі 4 сәуірге арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 313,49 теңге, 1 еуро — 334,21 теңге, Ресей рублі — 5,57 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 392,65 теңге, жапон йені— 2,82 теңге, 1 қытай юаны — 45,54 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,57 теңге, 100 өзбек сумы— 8,74 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 3 сәуірде ресми валюта бағамын бекіту кезінде 313,49 теңге деңгейінде нақтыланды. Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.