Бір жылда мұндай адамдардың саны 390 мың адамға, яғни 20 пайызға қысқарған.
Ескерте кететін бір жайт жалдамалы жұмысшыларға қарағанда өз ісімен шұғылданып жүрген қазақстандықтар белсенді түрде қызметтерін заңдастыра бастаған. Олардың ішіндегі заңды тіркеуден өтпегендердің саны 296 мың адамға немесе 30 пайызға қысқарған.
Мұның аясында көлеңкелі нарықтағы ресми тіркелмеген жалдамалы жұмысшылардың саны "қарапайым" болып көрінеді. Бір жыл ішінде олардың саны 93 мың адамға немесе 9 пайызға қысқарған.
Нәтижесінде өз ісімен шұғылданатын азаматтардың арасында бейресми жұмыс істейтіндер соңғы 5 жылда 68 пайыздан 31 пайызға қысқарған. Ал жалдамалы жұмысшылар арасында 20 пайыздан 14 пайызға қысқарған.
Бір жыл ішінде бейресми жұмыс істейтіндердің арасында үйінде отырып жұмыс істейтін азаматтардың саны қысқарған.Жыл қорытындысы бойынша олардың саны 211,5 мың адам болған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 28 пайызға төмен.
Сонымен қатар, "көлеңкеден" шыққандардың ішінде дүкені мен ательесі бар, кішігірім өндіріс цехы бар адамдардың саны 57 мың адамға немесе 8 пайызға қысқарған.
Ал бейресми жеке жүк тасымалымен айналысатын қазақстандықтардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған. Мұндай қызметпен айналысатын азаматтардың саны 25 мыңға азайған.
Естеріңізге салсақ, қазіргі таңда ҚР Парламентінде міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға өзгертулер енгізу талқыланып жатыр. Бұл жерде өз ісімен шұғылданып отырған азаматтардың да әлеуметтік қорғанысы қаралатын болады.
Өзгертулерді ұсынып отырғандар Медициналық сақтандыру әлеуметтік қорына кіру үшін төлейтін жарнаның пайыздық мөлшерлемесін төмендетуді ұсынды. 2017 жылдың 1 шілдеден бастап жұмыспен қамтып отырғандарға арналған пайыздық мөлшерлеме 1 пайызға дейін төмендетіледі. Ал 2020 жылға қарай, керісінше, 3 пайызға дейін көтеріледі.
Ал жұмысшыларға арналған пайыз 2019 жылдан бастап 1 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз болады. Осылайшы, 2020 жылға қарай жұмыс беруші мен жұмысшы бірігіп жалақының 5 пайызына тең көлемде жарна төлеп отырады. Бірақ ол ең төменгі жалақының 15 еселенген көлемінен асып кетпеуі қажет.
2015 жылы Қазақстанда көлеңкелі нарықтың жылдық айналымы $1,5 млрд құраған еді.