Бозымбаев: «Нарықта мұнай мен газға тапшылық жоқ»

мұнай
Фото: obozrenie.kz

Астана. 18 сәуір. 7kun.kz — 1 тоқсанда мұнай мен газды өндіру, өңдеу артығымен орындалды. Бұл туралы бүгін Астанадағы үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Бозымбаев 2017 жылдың 1 тоқсанында мұнай мен газды өндіру көлемі 21,2 млн тоннаны құрағанын айтты. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,2% және биылғы жылдың 1 тоқсан жоспарынан 3,5%-ға көп.

3,6 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өңделді. Бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26% көп. «Жалпы алғанда нарықта тапшылық жоқ. Ішкі нарық сұранысына қажетті көлем бар. Жағдай тұрақты», — деді Қанат Бозымбаев.