Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - Алматы және Алматы облысында 27 сәуір күні кешке басталған жаңбыр әлі толастамай тұр. Жеке аудандардың біраз жерін су басты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Әл-Фараби даңғылында жер асты жолдарынан суды сорғызып жатыр. Түнде даңғылдың жоғары жағында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанында өзен арнасынан тасыған. Сол сияқты Наурызбай ауданында "Достық" коттедж қалашығын су басты. Алматыда төтенше жағдай зардаптарын қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр.
Су басқан көшелерде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су сорғызып жатыр. Барлығы 50 адам, 20 техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шегушілер жоқ.
ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша, 28 сәуір күні түнгі сағат 00.15-те Алматыда 60 су басу жағдайы тіркелген. Олардың 11 жеке тұрғын үй, 37 үй ауласы және тоғызы көше. Сонымен қатар, "Азия" базарындағы үш нысан мен "Алматы Оптика" дүкені және жекеменшік "Ботагөз" балабақшасы аумағын да су басты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024