Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - 1 маусымнан бастап дизель отынын сатуға акциздердің көтерілуіне байланысты жанармай бағасы өседі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда Қазақстандағы ірі жанармай бекеттері желілерінде дизель отынының литрі 135-136 теңге. Ал аграршылар үшін литріне 122-128 теңге деңгейінде баға белгіленген.
Сонымен бірге, «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы №144 қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 маусымынан бастап дизель отынын сатуға акциз мөлшерлемесі тоннасына 9300 теңгені құрайды.
Акциздің ұлғаюы есебінен ғана көтерме бағаның өсуі шамамен литріне 7,3 теңгені құрайды, бұл ЖҚС (жанармай құю станциялары) желілеріндегі бағаға әсерін тигізеді.
Дизель отыны мен бензиннің бағасын бірте-бірте теңестіру - нарық тенденцияларының бірі. Көптеген елдерде дизель отыны мен бензиннің бағасы бірдей. Мысалы, көрші Ресейде бұл мұнай өнімдерінің бағалары литріне 208-209 теңгені құрайды. Сонымен қатар, өндіру мен тұтыну көлемдерінің, қорлар динамикасының, ҚР нарығындағы және РФ импортының көтерме бағаларының өзгеруі келешекте мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне бөлшек бағалардың өсуіне әсер етуі мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024