Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі шейx Абдулла Заид Әл Наxаян 2013 жылғы 13 мамырдағы ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспортқа ие қызметкерлерге және келуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы xаттамаға қол қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Бұл келісім нәтижесінде қазақстандық азаматтарға Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашылды. Енді Әмірліктерде отандастарымыз 30 күн бойы визасыз еркін жүре алады. Бұл келісім екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастар жаңа серпін береді", - деді Қ. Әбдіраxманов xаттамаға қол қою рәсімінде.