«7-20-25» бағдарламасы: 66 млрд теңге қарыз берілді

«7-20-25» бағдарламасы
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша қарыз алуға 110,2 млрд теңге сомасына  9 652 өтініш қабылданды. Оның ішінде 66,0 млрд теңге сомасына қарыз беруге 5 644 өтініш мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.