«7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 695 өтініш мақұлданды

«7-20-25»
Фото: realtyexecs.net

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 30,2 млрд теңге сомасына 2 526 өтініш қабылданды. Бұл туралы 7kun.kz-ке Ұлттық банктен хабарлады.

Оның ішінде 20,2 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 1 695 өтініш мақұлданды.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар бойынша «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар, азаматтар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса алады.