«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2 925 өтініш мақұлданды

43
бағдарламасы
Фото: pravaved.com

Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша қарыз алуға 52,6 млрд. теңге сомасына 4 443 өтініш қабылданды. Оның ішінде 35,1 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 2 925 өтініш мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қандай да сұрақ туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.