«7-20-25» бағдарламасы бойынша 4 997 өтініш мақұлданды

бағдарламасы
Фото: stins-kredit.ru

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды. 

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алуға 98,2 млрд теңге сомасына 8 866 өтініш қабылданды. Оның ішінде 57,4 млрд теңге сомасына қарыз беруге 4 997 өтініш мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.