«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұранысқа ие пәтерлер анықталды

33
пәтерлер анықталды
Фото: news.streetroots.org

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасы бойынша ең жоғары сұраныста аумағы 62 шаршы метр екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды, деп хабарлайды «Баспана» Ипотекалық ұйымы.

Сонымен бірге, «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді. Қазіргі таңда ол көрсеткіш 14 миллион 68 мың теңгені құрайды.

Қарыз алушының ортақ сипаты да белгілі болды. Ол — Қазақстан Республикасының азаматы, жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде.

«Қазіргі таңда бағдарламаға қатысқан көптеген азаматтың өтініші мақұлданғанын байқап отырмыз. Ол «7-20-25» бағдарламасының көкейкестілігін, дер кезінде қолға алынғандығын және әлеуметтік бағытын айқын дәлелдейді», — деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Қайрат Алтынбековтің сөзінше, жылдық үстемесі 7% болатын «7-20-25» ипотекасының ай сайынғы төлемі пәтерді жалға алып тұрғаннан арзан шығады.