«7-20-25» бағдарламасымен берілген кредиттер 100 млрд теңгеден асты

33
тұрғын
Фото: oknews.kz

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Бір жыл ішінде «7-20-25» бағдарламасымен берілген ипотекалық несиелер көлемі 101,9 млрд теңгені құрады. Қазақстан бойынша 8844 отбасы тұрғын үйді тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік алды. Бұл туралы «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жылжымайтын мүлік нарығы сарапшыларының айтуынша, бүгінгі таңда бұл Қазақстандағы ең сұранысқа ие ипотекалық бағдарлама. Оны келесі банктер береді: Сбербанк, ЦентрКредит банкі, Халық банкі, Еуразиялық банк, АТФБанк, Jysan банк, РБК Банкі, ForteBank.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Қазақстан азаматтарының тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін кеңейту және ипотеканың қолжетімділігін арттыру үшін әзірленді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтерлерді ең белсенді сатып алушылар және тиісінше ипотекалық несие алушылар Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары болды. Оларға барлық қарыздардың 51%-ы тиесілі. Қалған бөлігі жаңа құрылыстар салынатын Қазақстанның басқа да ірі қалаларын қамтиды. Ипотеканы сатып алудың ең танымал түрі 50-60 шаршы метрді құрайтын 1 және 2 бөлмелі пәтерлер.