«7-20-25» бағдарламасына 3539 өтінім берілген

7-20-25
Фото: http://www.newsfactory.kz/

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырындағы баяндамасында айтып берді деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Ақышевтің айтуынша, 42 млрд теңге сомасында қарызға өтінім берген.

«Ағымдағы күні қарыз алуға 42 млрд теңге сомаға 3539 өтінім берілді, оның ішінде банктер 28 млрд теңге сомаға 2352 өтінімді мақұлдады», — деп атап өтті Ұлттық Банктің төрағасы.

«Шымкент қаласы және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтары сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды. Әкімдіктер және құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй объектілері есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді. Баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді. «Баспана» ипотекалық ұйымының жергілікті атқарушы органдардың теңгемен облигацияларын баспана салу үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі көзделген», — деп хабарлады Д. Ақышев