«Болашаққа» үміткерлерді таңдау талаптары өзгерді

«Болашақ»
Фото: ratel.kz

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz — «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу талаптарына өзгеріс енгізілді.

Бакалавр немесе маманның магистратураға, докторантураға немесе резидентураға түсуі үшін дипломның орташа балы жоғарылады.  Диплом баллы 3.0-ден 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA деңгейіне дейін өзгертілді.

Сонымен қатар, ағылшын тілін білу деңгейі де күрделендірілді. Одан бөлек, шәкіртақыға үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу процедураларына да өзгеріс енді. IELTS жүйесі бойынша 5.0 баллдан 5.5 баллға дейін көтерілді. Ал «инженерлік-техникалық мамандық» санаты бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар бұрынғы деңгейде – IELTS 5.0 қалады.

Одан бөлек, IELTS 6.5 және одан жоғары сертификаты бар, сондай-ақ GPA 3.3 және одан жоғары дипломы бар тұлғаларға конкурсқа қатысу үшін «жалпы конкурс» жаңа санаты енгізілді. Үміткерлердің осы санаты үшін жұмыс өтілі мен жұмыс беруші өтінімінің болуына талап қойылмайды.

2017 жылдан бастап талапкерлер 6 айналымнан өтуі тиіс. Байқау мамырдан желтоқсан айына дейін үздіксіз өтікізіледі.

«Бізде жаңа турлар қосылды. Бірінші турда — мотивациялық ұсыным хаттар арқылы іріктеледі. Сонымен қатар, кешенді тест те өзгерді. Бұрын психологиялық тест тапсыратын, ал енді басқа форматта болады. Кешенді тестілеуге Қазақсан тарихы мен Конституциясы туралы сұрақтар енгізілді», — деп атап өтті конкурстық процедураларды ұйымдастыру Департаменті директорының міндетін атқарушы Салтанат Бердығожина.