Қазақстан БҰҰ-ның терроризммен күрес қорына 300 мың доллар береді

Қазақстан БҰҰ-ның терроризммен күрес қорына 300 мың доллар береді
Фото: ҚР СІМ

Алматы. 10 маусым. 7kun.kz — Осы аптада ҚР СІМ Ержан Ашықбаевтың Нью-Йоркке сапарында Қазақстан БҰҰ-ның терроризммен күрес қорына 300 мың доллар жарна құятыны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат СІМ сайтында жарияланды.

Бұл қаражат БҰҰ-ның Ғаламдық контртеррорлық стратегиясын жүзеге асыруға бағытталады. Оның ішінде «БҰҰ-ның Ғаламдық контртеррорлық стратегиясын жүзеге асыруды қолдау» жобасының 3-кезеңіне жұмсалмақ.

Осылайша Қазақстан аймақтағы осы бағдарламаның алғашқы донор-мемлекеті болды. Нәтижесінде жобаның қаржыландырудағы еліміздің үлесі 10 пайызға жетті.