Лондонда 24 қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Қайтыс болғандар бар

Лондонда 24 қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Қайтыс болғандар бар
Фото: Рейтер

Лондон. 14 маусым. 7kun.kz — Лондонның батыс бөлігінде бірнеше сағаттан бері көп қабатты үй өртеніп жатыр.  Бұл туралы BBC хабарлады.

Өрт сөндірушілердің айтуынша қайтыс болған адамдар бар, бірақ олардың нақты қанша екені белгісіз.

Бізге белгілі ақпарат

  • Сәрсенбі түнгі сағат 00.54 Лондондағы өрт сөндірушілер бригадасына тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
  • Өрт болған ғимарат – Солтүстік Кенсингтонның Латимер-роуд көшесінде орналасқан Grenfell Tower тұрғын үй кешені.
  • Ғимарат 24 қабатты
  • Жергілікті биліктің айтуынша өрт басталғанда ғимаратта 600-ге жуық адам болған.
  • 50 адам ауруханаларға жеткізілген.
  • Өрт сөндірушілер қайтыс болған адамдар бар екенін айтады, бірақ олардың нақты саны белгісіз.
  • Көптеген адамдар терезелерден көмекке шақырғандарды байқағанын айтады.
  • Өрт сөндіруге 200 өрт сөндіру қызметі тартылған.
  • 20-дан астам жедел жәрдем пәуескесі өрт шыққан ғимараттың қасына келген.
  • Өрттің неден шыққаны белгісіз
  • Лондон мэрі Сиддик Хан өртті «төтенше жағдай» деп сипаттады.
  • Grenfell Tower тұрғын үй кешені 1974 жылы салынған. Онда 200 пәтер бар.
  • Көршілес ғимараттағы тұрғындар эвакуацияланды.
  • Жергілікті мектептер мен спорт клубтары көмекке шақырылды.

Лондон өрт сөндіру қызметінің басшысы Дэни Коттон бірінші қоғырау түскеннен кейін өрт сөндірушілердің оқиға орнына 6 минуттан кейін жеткенін айтты.

Ол әлі мұндай деңгейдегі өрттің болмағанын айтады. «Өрт сөндіру қызметінде 29 жыл жұмыс істесем де, мұндайды ешқашан көрген емеспін. Өрт сөндірушілер бары күш-жігерін салып жатыр. 24 қабатты ғимарат 3-қабаттан бастап толық өртеніп жатыр», — деді Коттон.