Келімбетов: Қазақстанда электронды төлемді дамытамыз

Келімбетов: Қазақстанда электронды төлемді дамытамыз
Фото: biznes-prost.ru

Астана. 15 маусым. 7kun.kz — Астана Халықаралық қаржы орталығы мен Mastercard инновациялық төлем техологияларын енгізу мен қолма-қол емес экономиканы дамытумен айналысатын болады.

Осыған сәйкес АХҚО мен Mastercard Астана экономикалық форумының аясында келісімге келді. Келісімге қол қою барысында АХҚО төрағасы Қайрат Келімбетов екі жақ бірігіп қаржы орталығының инновациялық инфрақұрылымын дамытуға күш салатынан айтты.

«ЕҚДБ мен АХҚО бірігіп білікті сарапшылар тобын жасақтады. Ол топ бізге Қазақстанның «жасыл» қаржы жүйесін құруда көмектесетін болады», — деді ол.

Сонымен бірге, ол серіктестіктің басты бөлігі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталатынын айтты. Осының аясында ағартушылық бағдарламаларды іске қосу жоспарланған.