Кәсіпкерлердің Медициналық сақтандыру қорына төлейтін жарна көлемі анықталды

Кәсіпкерлердің Медициналық сақтандыру қорына төлейтін жарна көлемі анықталды
Фото: Хабар 24

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz — Биыл шілденің 1-інен бастап Қазақстанда ЖШС мен ЖК өкілдері «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) жарна төлеуі керек.

ӘМСҚ-на аударылуы тиіс жарна түрлері мынадай болды:

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ЖШС мен Жеке кәсіпкерліктер жұмысшылардың табысының 2 пайызын;

ЖШС және Жеке кәсіпкерліктермен азаматтық-құқықтық негізде жасалған келісімдер бойынша олар жеке тұлғалардың табысының 2 пайызын;

Жеке кәсіпкерлер Арнаулы салық режимі бойынша АЕК-тің 2 пайызын;

Жалпыға белігілі тәртіпте жеке кәсіпкерлер табысның 2 пайызын шегеріп отырады.

Шілденің 1-іне дейін аударылып отыратын мөлшерлемеге қатысты Заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін.