«Эйр Астана» әуе компаниясы Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша “Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания” атағына алтыншы рет және «Орталық Азияда және Үндістанда үздік борттық қызмет көрсету» сыйлығымен бесінші рет ие болды. Марапаттау рәсімі 2017 жылғы 20 маусымда Ле-Буржеде Париж авиасалонында өтті.
Skytrax компаниясының әлемдік беделге ие жүлдесі жыл сайын жолаушылардың әуе компания қызметімен қанағаттану деңгейін зерттеу нәтижесінде анықталады. Бұл сараптама 10 ай жүргізіліп, осы уақыт ішінде әлемнің 200 әуе компаниясы авиация саласында үздік атану мүмкіндігі үшін күреседі.
Сауалнама Skytrax сайтында онлайн, кездейсоқ жолаушыларды әуежайда және телефон арқылы таңдау әдісімен өткізіледі. Рейтингтегі орындар әуе компания сайтының ыңғайлылығы мен толық ақпаратты қамту, тіркелу жылдамдығы, салонның жайлылығы мен тазалығы, борттағы тағам, ойын-сауық пен қызмет көрсету деңгейін бағалау негізінде анықталады.
«Эйр Астана» артықшылықтарының қатарына борттағы тұрақты түрде жаңарып тұратын дәмді тағам, экипаждың сапалы жұмысы мен жолаушыларға деген қамқорлығын жатқызуға болады. Әуе компанияның өзі де ұшақ бортында және веб-сайтында тұрақты сауалнама жүргізіп тұрады.
Компания президенті Питер Фостер: «Біздің барлық қызметкерлеріміз өз жұмысын ең жоғарғы деңгейде орындауға тырысады және біз үшін Skytrax сыйлығын алу мақтаныш. Skytrax сауалнамасына қатысып, бізге қолдау көрсеткен жолаушыларымызға алғысымыз шексіз және келешекте жоғары деңгейде қызмет көрсетеміз”.
«Эйр Астана» әуе компаниясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Британдық BAE Systems-тің бірлескен кәсіпорны болып табылады. Оның 51% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ал 49% BAE еншісінде. «Эйр Астана» тұрақты рейстерді 2002 жылдың 15 мамырынан бастап орындап келеді. Қазіргі уақытта компания 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді орындайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024