Қазмұнайгаз директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Қазмұнайгаз
Фото: uralskweek.kz

Алматы. 30 маусым. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасы тамыздың бірінен бастап Кристофер Уолтонды «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің төрағалығына тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.

2017 жылы шілденің соңында қазіргі Қазмұнайгаз директорлар кеңесінің төрағасы Франк Куйларас жұмысынан кетіп оның орнына Кристофер Уолтон келеді. Одан бөлек Стивен Уайт ҚМГ тәуелсіз директоры болып тағайындалды.

Сонымен бірге, осы уақытқа дейін аудит комитетінің төрағасы Питер Лейн жұмысынан босайды.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазмұнайгаз» ҰК — Қазақстанның мұнайгаз саласында мемлекеттің мүддесін көздейтін көмірсутектерді барлаушы, өндіруші, өңдеуші және тасымалдаушы ұлттық оператор.