«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» тұтынушылары Қазпошта арқылы депозит аша алады

762
тұрғын үй құылыс жинақ банкі
Фото: Tengrinews.kz

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz — «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ клиенттері енді Қазпоштаның кез-келген бөлімшесінен депозит аша алады. Бұл туралы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова айтты.

Жақында екі мекеме арнайы шартқа қол қойған.

Бұл қызмет Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен салым ашқысы келген шалғай аймақтардағы тұрғындарға қолайлы болмақ. Өйткені банк бөлімшесі аймақтарда жоқ.

Сонымен қатар, «Қазпошта» бөлімшелерінде депозит толтыру немесе несие төлеу тегін.  Яғни комиссиясыз. Бұған дейін салымшы төлемінің 1 пайыз алынып отыратын.

Қазақстандықтар депозитті 800-ден астам Қазпошта бөлімшелерінен рәсімдей алады. Олардың 38 пайызы — қалалық, 62 пайызы — аудандар мен ауылдарда орналасқан.

Қазіргі кезде Қазпошта қызметкерлері  тұтынушыларға тарифтік бағдарлама таңдауда, құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету үшін арнайы оқудан өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта банкте 460 млрд теңге көлеміндегі 950 мың салым бар. Банк басшылығының пікірніше, жаңа қызмет «Нұрлы жер» бағдарламасын танытудағы қосымша құрал болады.