Қазақстанда темекі өнімдері 10 пайызға қымбаттады

темекі
Фото: fed.sibnovosti.ru

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдың мамыр айындағы нәтиже бойынша Қазақстанда темекінің бір қорабы 10,2%-ға немесе орта есеппен 340 теңгеге дейін көтерілген. Бұл туралы Еnergyprom агенттігі хабарлады.

Жезқазғанда темекінің бір қорабы бір жылда 9,3 пайызға (363 теңге), Астанада 9,3 пайызға (357 теңге), Ақтауда 7,6 пайызға (355 теңге) қымбаттаған. Energyprom агенттігінің мәліметінше, темекі өнімдері акциздерінің көтерілуіне байланысты бағаның көтерілуі де заңды.

2016 жылмен салыстырғанда осы жылы акциздің 1000 данасаның 5 мың теңгеден 6200 теңгеге дейін (24%) көтерліген.

Ал 2018 жылы мөлшерлемені 7,5 мың теңгеге, 2019 жылы 8,7 мың теңгеге көтеру жоспарланған. Бұдан бөлек темекі және басқа да темекі өнімдерін шығару Қазақстанда қысқарып жатыр. Осы жылдың қаңтар-мамыр айында 5,1 млрд дана темекі шығарылған. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайызға төмен. Ал 2016 жылғы көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 5,9 пайызға аз болған. Осы жылдың төрт айында тек өндіріс қана емес, сұраныс та азайған. Ішкі нарықтағы сатылым бір жыл ішінде 14 пайызға төмендеген. Импорт көлемі де өткен жылға қарағанда 14,9 пайызға азайған.