Алматы. 24 шілде. 7kun.kz — Павлодар облысында 2017 жылдың қаңтар-маусымындағы тұтыну бағасының индексі 104,9 пайызды құрады. Бұл туралы pavlodarnews.kz. хабарлады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 2,9 пайызға, ақылы қызметтер 6,2 пайызға өсті.
2017 жылдың қаңтар-маусымындағы облыстың азық-түлік нарығында ет (ет өнімдерімен қоса) бағасының 7,3 пайызға, балық және теңіз өнімдері — 2,6 пайызға, нан тағамдары және жарма өнімдері — 0,2 пайызға қымбаттады. Сүт өнімдерінің бағасы 1,8 пайызға, ашытылған сүт өнімдері — 2,3 пайызға көтерілді. Жемістердің бағасы 8,5 пайызға жоғарылады. Күнбағыс майы болса 10 пайызға арзандады. Кондитерлік өнімдер бағасының деңгейі 5 пайызға өсті, ал қант бағасы 1,1 пайызға төмендеді. Алкогольсіз сусындар 3,8 пайызға, темекі өнімдері 2,5 пайызға, алкогольді ішімдік өнімдері 2,3 пайызға қымбаттады.
Ақылы қызметтер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтері 12,9 пайызға өсті. Амбулаторлық қызметтерінің баға деңгейі 7,4 пайызға, сақтандыру және құқықтық қызметтер — 7 пайызға, шаштараз қызметі — 2,9 пайызға, транспорттық қызметтері — 2,3 пайызға, білім беру — 1,2 пайызға өсті.