2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Альфа Банктің таза табысы 1 457 млн теңгені құрады

289
Альфа Банк
Фото: sputniknews.kz

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Банктің таза комиссиялық табысы 2 405 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда, 1,3 есе артық. Бұл туралы Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындылары бойынша «Альфа-Банк» ЕБ АҚ көшбасшы позицияны ұстауды жалғастырды және ҚР рейтингтелетін ЕДБ арасындағы тұрақтылық рейтингісі бойынша алғашқы үштікке кіреді.

Еске салсақ, Fitch Ratings агенттігінің рейтингтеріне сәйкес, шетел валютасында эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісі (ЭҰР) «BB-» құрайды, болмажы «Тұрақты». S&P Global Ratings агенттігіне сәйкес несие рейтингісі «BB-» құрайды, болжамы «Тұрақты».

Банктің біртұтас активтері 2016 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 5 пайызға өсті және 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 330 119 млн теңгені құрады. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Банк активтерінің мөлшері бойынша 15-орында тұр (нарықтың үлесі 1,5%).

2017 жылдың 1 шілдесіндегі несие портфелінің көлемі 149 415 млн теңгені құрады, 2016 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда, портфельдің өсімі +35% құрады.

1-жартыжылдықтың қорытындылары бойынша клиенттердің салымдары 17 пайызға өсті: 2016 жылдың соңында 221 346 млн теңгеден 259 090 млн теңгеге жетті.