«Star of Asia» фестивалі көрермендері 23.30-ға дейін тасымалданады

449
Star of Asia

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Алматыда 19-20 тамызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық «Star of Asia» музыка фестивалі өтеді. Бұл ашық ауадағы ең ірі музыкалық сахна әрі мұнда отандық және шетелдік жұлдыздар ән айтады, сонымен қатар әлемдегі ең биік мұз айдыны «Медеудегі» бір алаңда жүздеген көңіл көтеру шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фестиваль көрермендері үшін арнайы автобустар қатынайды. Көрермендердің жиналатын орындары: Абай даңғылы, 48/1 Орталық стадион және Достық даңғылы, Құрманғазы көшесінің бұрышы. Жолаушылар көлігі фестиваль өтетін жерге сағат 16:00-ден 18:30-ға дейін қатынайды. «Медеуден» кері қайтатын рейстер 22:00-ден 23:30-ға дейін жүреді. Жолақысы — 150 теңге.

Ұйымдастырушылар қоғамдық жолушылар көлігін пайдалануды сұрайды. Фестиваль өтетін күндері жеке көлік үшін тұрақ саны артады.

Биік тау шатқалындағы ауа райы қаладағыдан едәуір төмен, сондықтан ұйымдастырушылар фестиваль күндері жауын жауып, жел тұруы мүмкін екенін ескертеді әрі мәдени шара қонақтарына арнап жауынға киетін плащтар әзірлеп қойды.

Естеріңізге салсақ, фестиваль билеттері Kassir.kz, Chocolife.me, Ticketon.kz сайттары мен Республика Сарайының, Мега Орталықтың және «Меломан» желісінің кассаларында сатылады.